Қайырлы күн! Құрбандық мал соймай-ақ, Алла жолында жүрген кісілер арқылы мал құнының ақысына тең ақшалай садақа берсе бола ма және ол құрбан боп саналады ма? Нуреддинова Роза.
Алла күнімізді қайырлы етсін! Роза ханым, құрбан шалудың шарты – бауыздалып қан ағызуында[1]. Бұл дегеніміз – құрбандық болып есептелуі үшін міндетті түрде айт күндері мал сойылу керек деген сөз, малдың орнына оның ақшасын садақа етіп тарату арқылы міндетінен құтыла алмайды. Бұл пәтуа құрбан шалуға міндетті болған бақуатты кісілерге арналған.
Ал, сауап алғысы келген тұрмысы нашар кісінің – өз ықтиярында. Дегенмен, жылына бір рет келетін Құрбан айт мейрамында садақа етіп бергеннен гөрі құрбандық шалғаны дұрыс[2]. Өйткені, құрбандыққа шалынған малдың әрбір қылшығы үшін сауап жазылатындығы хадистерде айтылған.
- Тағы бір ескерер жайт, өзіңіздің орныңызға басқа бір адамды өкіл ретінде құрбан шалуы үшін тағайындай аласыз. Және ол құрбандықты сіз шалған болып есептелесіз.