Тамақ ішер алдында Бисмилляh жайлы

Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух!!! менин койайын деген сұрағым:
Тамақ немесе сусын ішер алдында айтылатын БИСМИЛЛЯh, міндетті түрде дауыстап айтылуы керек па?


Уағалейкумассалам!
Хузайфа (Алла оған разы болсын) былай деді: Біз Алланың елшісімен (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бірге тамақ ішкен уақытымызда біз ешқашан одан бұрын, ол өзі тамақ жеуді бастамайынша, тамаққа қол  салып еш нәрсе алмайтынбыз. Бірде біз бәріміз дастархан басында отырғанымызда, асығыс оны біреу қуып келе  жатқандай бір қыз келді де, бірден тамаққа қол созды, бірақта Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оны қолынан шап беріп ұстады. Оның артынша дәл солай біреу қуып келе жатқандай, бір бәдәуи келді, оны да Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қолынан ұстап былай деді: «Расында, шайтан Алла Тағаланың есімінсіз бастап жеген тамақты өзіне тиесілі санайды, сондықтан ол мына қыздың көмегімен өзіне тамақты тиесілі ету үшін оны аулап келді, бірақта мен оны  қолынан шап беріп ұстап қалдым. Содан кейін өзіне тамақты тиесілі ету үшін мына бәдәуиді алып келді, бірақта мен оның да қолынынан  ұстап қалдым! Жаным қолында болғанның атымен ант етемін, мына екеуінің қолын ұстағанымда шайтанның қолы менің қолымда болды!» Осыдан кейін пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың есімін айтып тамаққа кірісті (Муслим риуаят еткен).Сондықтан тамақты Аллаһтың есімін  айтып  ішкен дұрыс.БИСМИЛЛЯh сөзін дауыстап немесе іштей айту адамның өз еркінде.