Дүниені өте жақсы көрген жүрек Раббысын ұмытары хақ. Алла тағала Адия сүресінің 8-ші аятында: «Сондай ақ ол (адам баласы) байлықты өте жақсы көреді».
Имам Бұхариде келген хадисте Пайғамбарымыз с.ғ.с айтады: «Дирһам мен Динарға құл болған адам ол бақытсыз».
Адам баласы екі нәрсені жақсы көрумен оның жүрегі қартаймайды: Ол байлық пен өмірді жақсы көруде.
Имам Муслимде келген хадисте Абу Хурайрадан риуаят етілген. Пайғамбарымыз с.ғ.с айтады: «Қарт адамның жүрегі екі нәрседе жас болады: біріншісі өмірді жақсы көруде , екіншісі дүниені жақсы көруде».
Адамдардың кейбіреуі осы дүниеде бірі ахирет үшін амал етсе ,енді біреулері тек осы дүние үшін ғана амал етеді. Осы жайында Алла тағала қасиетті,құран кәрімде: «Сендерден кейбірі тек осы дүниені ғана керек етеді, ал кейбірі ахиретті керек етеді».
Құран кәрімде Алла тағала екі адам жайында бізге баяан етеді. Оның біреуі мұсылман ахиретті қаласа,екіншісі кәпір тек осы дүниені ғана қалайды. Ол ахиреттің барына және өлгеннен кейін есеп – қисаптың болатындығына сенбейді.
Екеуі серік болып бірге жұмыс жасаса ақша жиналғаннан кейін екеуінің әр қайсысы 3 мың динардан бөліп алып екеуі екі жаққа кетеді.
Мұсылман 1-мың динарына құл сатып алып,Алла ризалығы үшін азат етеді.Екінші 1-мың динарына киімге жарымай жүргендерге киім алып береді.Үшінші 1-мыңына мешіт салып және қарны аштардың қарнын тойдырады. Осылай бар ақшасын жұмсап қайырлы істер жасайды. Ал екінші серігі ақшасына үйленіп, қалғанына мал сатып алып, сол өңірдегі асқан байлардың біріне айналады.
Бірде мұсылман серігі,сол бай кәпір серігінің бақшасына жұмыс істеу ойымен, бұрынғы серігіне барады. Кәпір серігі оған: “Саған дүниеңді тең бөліп беріп едім ғой, дүниең қайда кетті мұндай күйге қалай түстің?” дейді.
Сонда мұсылман серігі оған былай дейді: “Ол дүниеммен Алладан сауап сатып алдым дейді” дейді.
-Кәпір серігі: “Сен өлгеннен кейін тірілуге сенесіңбе, сондай-ақ қияметтің болатына да сенесіңбе? Әрине ондай нәрселерге тек ақымақтар сенеді” дейді.
Алла тағала Каһф сүресінің 32-ші аятында : «(Мұхаммед) Олларға екі адамның мысалы баян ет…».
«…Біреуіне жүзімдерден екі бақша қылдық. Әрі екі бақшаның арасына егіңдер өндірдік».
Каһф сүресінің келесі 33-ші аятында: «Екі бақшада жемістерін берді одан еш нәрсе кемітпеді. Араларынан бұлақ ағыздық».
Каһф сүресінің 34-ші аятында: «Оның басқа кірімі де бар еді ….»
Яғни оның осы екі бақшадан басқа дүниесі алтын мен күмісі, төрт түлік малы тағы басқа байлықтары да жеткілікті еді.
34-аяттың жалғасында: «…Сонда ол жолдасымен сөйлескенде мен сеннен мал жағынан молшылықтамын және бас жағынан да үстеммін».
Осы аяттағы “мен” яғни мен сеннен ана жағынан артықпын, мен сеннен мына жағынан артықпын, осы дүниенің барлығы тек менің ақылдылымен даналығыммен келді дейтіндер. тек “мен” деп айту ол ібілістің сөзі.
Келесі 35-ші аятта : «Ол өзіне зұлымдық еткен түрде бақшасына кірді де :…» Яғни Кәпір өзінің бақшасына Мұсылман досын алып кіріп,осының бәрі тек өзінікі екенін айтып, тек өзінің ақылдылығымен,еңбегімен келгенін айтып,осының барлығының иесі бір Алла екенін ұмытып осылай өзіне зұлымдық істеді.
Келесі 35-ші аяттың жалғасында: « … Тіпті бұны жоқ болады деп ойламаймын деді ».
Яғни : Бақшамның осынша жеміс бергені, судың молдығы, жерімнің үлкендігі,осындай нәрсе қалай жоқ болады деп ойлайды.
Келесі 36-шы сүреде: « Әрі қияметтің болатындығын да ойламаймын »
Міне осылай дүниенің қызығына тоймай, мәңгілік ахиретті осындай болмашы уақытша дүниеге айырбастап жіберді.
36-шы аяттың жалғасында : « Мүбада Раббыма қайтарылсам әрине бұдан да жақсы орын табамын деді » .
Мұндай сөзді айтатындар мынадай пікірде болады : Алла тағала мені жақсы көргеннен кейін маған дүние берді .Алла жақсы көрген пендесіне ғана дүние береді деп ойлайды.
Расында дүниені Алла тағала тек жақсы көрген пенделеріне ғана берген болса Пайғамбарларға неге бермеді. Олар Алланың ең сүйікті құлдары емес пе
Келесі 37-ші аятта : «Жолдасы оған сөйлесіп тұрып : Сені топырақтап, сонан кейін бір тамшы судан жаратып, сонан соң жөндеп адам еткен Аллаға қарсы келесің бе – деді » .
Мұсылман досы өзінің кәпір досына насихатын жалғастыра түсті. Оның сөзіне ол құлақ асырар, мүмкін жүрегі иман нұрымен нұрланар, әрине жаңылыспайтын жақ , сүрінбейтін тұяқ жоқ қой адамның жақсысы дер кезінде тәубаға келгені. Келесі 39-шы аятта Мұсылман досы кәпір досына айтады: « Өз бақшаңа кірген сәтте; бұл Алланың қалауы , Алладан басқа ешбір қуат жоқ неге демедің Тіпті мені мол немесе бала жағынан өзіңнен кем көрсең де » Осы жоғарыдағы аятта Белгілі тәпсір ғалымы Ибн Кәсир айтады : Егер сен бау-бақшаңа кірсең және оған таң-қалсаң , онда Аллаға мақтау айтта , оның саған берген нығметтеріне ( дүние мен үрімбұтақ ) үшін шүкір ет. Өйткені мұндай нығметтерді кейбіреуге Алла тағала бермеді.
Сондықтан Имам Малик және бірқатар ғалымдар айтады: Кім үйіне кірсе немесе бір нәрсеге таңқалар болса ,,Мә шә Аллаһу лә қууата иллә биллаһи”
Мағынасы: Бұл Алланың қалауы, Алладан басқа ешбір қуат жоқ деп айтуы ләзім.
Абу Хурайрадан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз с.ғ.с Абу Хурайраға айтады: «Жаннатың қазыналарынан болған сөзді үйретейін бе Абу Хурайра: ,,Үйретіңіз я, Алланың елшісі”
Пайғамбарымыз с.ғ.с : ,,Лә хаула уә Лә қууата иллә биллаһи” де дейді. Келесі 40-шы аятта Алла тағала бәріне күйі жетуші екенін мұсылман досы кәпір досына ескертеді : « Раббымның : Маған сенің бақшаңнан жақсырағын беруі , сенікінің үстіне көктен апат жіберіліп , мүлде қақ топыраққа айналуы мүмкін ».
Келесі аятта мұсылман досы кәпір досына Алла тағала қандай апаттар жіберуі мүмкін екенін айтты. Құран кәрімнің 41-ші аятында: « Немесе бақшаның суы тартылып , оны әсте іздеп таба алмассың » Алла тағала оның бақшасына апат жібергелі жайлы келесі 42-ші аятта баян етеді.
« оның еңбектері еш болып»
Әрине сол апаттан кейін әлгі кәпір қатты өкініште болады 42-ші аяттың жалғасында : « бақшасына өкініп , екі алақанын уқалауға айналды да : Әттеген-ай Раббыма ешкімді серік қоспасам еді деді ».Алла тағала келесі 44 – ші аятта дүние –мүлкіне малшынып бұл тек менікі менің еңбегіммен келді деп ойлағандарға , расында бұл дүниенің иесі кім екенін естеріне салады :
« Сол жерде иелік шынайы Аллаға тән . Ол сыйлық беру тұрғысынан жақсы әрі нәтиже жағынан да қайырлы ». Алла тағала осы қиссаның жалғасын Саффат сүресінде баян етеді.
Алла тағала әлгі мұсылманды жәннатқа кіргізеді де , ал оның кәпір досын тозаққа салады . Мұсылман жаннатқа кіргізілгенде , өзінің кәпір досы есіне түсіп жаннаттағыларға былай дейді : Саффат сүресінің 51- 52- 53 аяттарында:
«Олардан бір айтушы : ,,Расында бір ағайыным бар еді” дейді 51 (Ол маған ): Шын-ақ растаушылардансың ба – дейді 52 Өліп , топырақ және сүйек болсақ та жазаландырыламыз ба 53 » . Сонда Алла тағала әлгі мұсылманға ; Сен кәпір досыңнын қазір қандай жағдайда екенін көргің келе ме дейді 54-ші аятта : «.. оны көргілерің келе ме дейді ». Әлгі мұсылман тозақтағы кәпір досын көреді ол жайында 55-ші аятта баян етеді : « Сонда оны өзі тозақтың ортасында көреді де »
Мұсылман досы тозақтағы кәпір досына : ,,Сен мені ана дүниеде азғырып Аллаға бойсынбауға шақырушы едің , сен мені де осы тозаққа түсіріп жібере жаздадың дейді 56-шы аятта :
« Аллаға ант етемін Мені де жоқ ете жаздадың » дейді Мұсылман досы : Раббымның маған рахметі болып мен ислам дінін қабыл етіп тура жолда болып оттан құтылдым дейді 57-ші аятта: « Раббымның игілігі болмаса менде тозаққа кетер едім ».
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының Семей аймағы
бойынша өкіл имамы Маямеров Ержан Малғажыұлы