Қасиетті жұма күні Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Үш жасар Кенжебек Елжан Талапұлының шет елде жасалатын отасына жәрмеңкеден түскен қаржы азда болса, қарылғаш қанатымен су сепкендей болып, жексенбі күні «Мәуліт» мерекелік шарасында ата – анасына табыс етілетін болып шешілді. Жәрмеңкеге мектеп оқушыларымен қатар еңкейген қарт адамдарда үлес қосты. Жәрмеңкеден 101000 (жүз бір мың) теңге қаржы түсті.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.