Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында орналасқан «АРАЙ – EAST FOOD» сауда белгісімен өндіретін кәсіпорын шұжығы зертханалық тексерістен өткізіліп, нәтижесі оңынан болды. Естеріңізге салсақ, қазір “Халал Даму” ЖШС-ның жұмысшы тобы кеңесінің шешімімен сертификатталған кәсіпорындардың өнімдерін қайтадан зертханалық сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Кезекті зертханалық сараптама «АРАЙ – EAST FOOD» мекемесіне жүргізілді.
Аталмыш мекеме өнімдері “АСТАНА”, “ВОСТОЧНЫЕ СКАЗКИ”, “ДЕЛИКАТЕСНАЯ”, “ПОЛУКОПЧЕНЫЕ КОЛБАСЫ”, “МУСУЛЬМАНСКАЯ”, “БАТЫР”, “РАМАЗАН”, “САРДЕЛЬКИ ГОВЯЖЬИ”, “СОСИСКИ МУСУЛЬМАНСКИЕ”, “САРДЕЛЬКИ СОЧНЫЕ” сауда белгісімен танымал. Сонымен қатар, айына 40 тонна өнім өндіретін “АРАЙ” шұжығы Алматы, Астана, Өскемен, Аягөз және т.б. қалаларда кеңінен таралуда. Толық ақпарат http://aray-semey.kz/ сайтында.
Алдағы уақытта қалған шұжық өнімдерінің зертханалық нәтижесінің қорытындысын жариялайтын боламыз.
ҚМДБ “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімі