Аягөз қаласындағы №7 орта мектебінде 5 – ші, 7 – ші класс оқушыларының ата – аналарымен қазіргі уақытта әлеуметтік желі арқылы таралып жатқан өлімге апаратын «Синий кит» сол сияқты тағы басқада «Суицид» жағдайларына байланысты басқосу жиыны өтті. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамдары Дәулет Қинаятұлы және Нұржан Медеуханұлы сонымен бірге аудандық жастар орталығының директоры Саят Ибраев қатысты. Өз кезегінде сөз алушылар наиб имам, жастар орталығының директоры және мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі, психолог маманы баяндамаларын жасап, проектордан бейнероликтер көрсетілді. Алдағы уақыттада осындай басқосулар жалғасын табатындығы ескертілді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.