Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына сәйкес Семей аймағына қарасты Бесқарағай ауданының имамы Серікжан Аманұлы аудандағы Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аумақтық орталықта болып емделуші мүгедек балалардың жағдайын біліп ақшалай қайырымдылық көмек көрсетті.
Мүмкіндігі шектеулі Қайыров Марат пен Қайырова Гүлназдың отбасында болып жағдайларын біліп, күнделікті тұрмысқа қажетті азық түлікті мешіт тарапынан апарып көмек берді.
Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.