Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған жастар бөлімі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан «Әйел жандарға құрметпен» қаралуын насихаттаңыз деген тапсырмасына орай, мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы бастаған топ қасиетті жұма күні орталық перезенханада босанған жас аналарға сый жасап, сол күнгі өмір есігін ашқан сәбилерге азан шақырып ат қойды. Сонымен бірге дініміздегі ана, әйел орыны жайлы насихат айтып, ҚМДБ атынан аналарды құттықтап, жылы лебізін білдіріп, аурухана басшылығына алғыс айтты.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.