Бүгінгі күннің талабы бойынша имамдардың ХХI ғасырға сай білімдерін жан – жақты жетілдіру қажеттілігі туындап отырғаны баршамызға мәлім. Осыған орай Семей аймағы бойынша өкілдіктің ұйымдастыруымен имамдардың білімін жетілдіру мақсатында «Нұрлы мінбер» Республикалық имамдар байқауы өтті. Аталмыш байқаудың мақсаты мен міндеттері. Дәстүріміз бен мәдениетіміздің діңгегі болған асыл дініміздің құндылықтарын кеңінен насихаттау; Бұқара халық арасында имам беделінің артуына ықпал ету; ҚМДБ – ның Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажылұның алға қойған мақсаты болған – байырғы қоғамдағы бәсекеге қаблетті имам келбетін қалыптастыру; Имамдардың эстетикалық қабілетін шыңдап, өзіндік білім жетілдіруіне жағдай жасау. Байқауға қала, аудан имамдары қатысты. Сан сатылы байқауда уағызы өтімді, сөздері ұтымды болған имамдар «Сәлем – сөздің атасы», «Бәйге», «Жеті жарғы», «Жағдаят» және «Имам мінбері» турлары бойынша сынға түсіп, білімі мен біліктілігін көрсетті. Алдымен әр үміткер имамдар өздерін таныстырды. Онан соң”Бәйге”, “Жеті жарғы” турларында діни әрі дүняуи сұрақтарға балдық жүйе бойынша жауап берілді. Ал “Жағдаят” турында әр имамға өмірде кездесіп жататын түрлі уақиғадан мысалдар беріліп, шешімін табу имамның білімі мен ой жүйріктігіне қалдырылды. Соңғы шешуші тур “Имам мінберінде” дін қызметкері қысқа уақытта таңдаулы тақырып негізінде уағыз айтудан сайысқа түсті. Шешендік шеберлігі мен сөз саптауы, шариғи білім деңгейі мен парасат-пайымы айқын көрініс тапқан дүбірлі додада имамдар осындай сынақ кезеңдерінен өтіп, қазылар алқасы үздік үміткерлер есімін атады. Қазылардың әділ ұйғарымымен бас жүлде “Тыныбай” мешітінің бас имамы Біржан Аманжолұлын лайықты деп танылды. Өзге де қатысушы имамдарға сый-сияпат жасалып,арнайы сертификаттар табысталды.
Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.