ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша «Әйел –қыздар секторы» кезекті қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеге қаламыздағы Тыныбый мешітінің жанындағы сауат ашу курсының шәкірттері ат салысты. Жұма намазына келген мешіт жамағатына да алғысымыз шексіз. Хадисте: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген пенде», – деп айтылғандай, біздің де бір пайдамыз тисін деп құлшыныспен сауда жасады. Түскен қаражат әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына материалдық қолдау көрсетіледі.
Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.