Аягөз қаласындағы №5 орта мектепте 8 – 9 класс оқушыларымен «Дініміз жайлы не білеміз?» атты тақырыпта кездесу өтті. Бұл жиынға Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы, дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Айжан Мұратханқызы және Тұрарова Айгерім қатысты. Нұржан Медеуханұлы ислам дініндегі ұрпақ тәрбиесі, ата – анаға, ұстазға құрмет жайлы баяндаса, дін мәселелерін зерттеу орталығы мамандары тренинг ойындармен қоса «Жат ағым» және «Салт – дәстүр» атты бейнебаян көрсетті. Оқушылар тарапынан жолданған сұрақтарға жауап берілді. Кездесу қызықтыда тартымды өтті.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.