Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай бекеті, «Мәнсул» мешітінің имамы Амангелді Серікханұлы бастамасымен футболдан жарыс өтті. Мешіт жамағаты Ақтоғай бекетінде қасиетті ай құрметіне команда аралық күш сынасты. Мешіт имамы: «Жеңгендер тасымасын, жеңілген жасымасын, Өйткені «бақ шабама, бап шабама» – деген, Бүгін жеңеміз, ертең жеңілеміз. Өмірдің өзі жеңіспен жеңілістен тұрады. Қасиетті ай қарсаңында жағымсыз жаман әрекеттерден тыйылайық» – деген лебізін білдірді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.