Өскемен өкілдігінң ұйымдастыруымен өтіп жатқан Халифа Алтайдың туғанына 100 толуына арналған шаралар аясында Шығыс Қазақстан облыстық Халифа Алтай мешітіне ғұламаның аты жазылған тақтаның ашылу рәсімі өтті.
Шараға жиналған халық қарасы мол болды. Қазақтың алты қанат ақ ордасы тігілген мешіт алды лезде күмбірлі күймен көмкеріліп, салтантқа бөленді. Қазақи салт бойынша, ақ жаулықты әжелеріміз шашу шашты.
Жиналған халық алдында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет ғұлама ғалымның тәуелсіздіктің алғашқы жылдары дініміздің дамуына қосқан үлесін саралай келе, ғұламаның еңбектерінің рухани жаңғыру аясында кең насихатталатындығын айтты.
«Мешітіміз ғұламаның атында. Біз шаралардың дін қайраткері Халифа Алтайдың еңбектерінің насихаттау, рухани жаңғыру аясында ұлы мұрасын ұрпақ жадына сіңіру мақсатында ҚМДБ тапсырмасымен осындай игі шаралар өткізіп отырмыз. Ғұламаға деген елдің ілтипаты мен құрметі ерекше. Бүгінгі Халифа Алтайдың 100 жылдығы шынайы халықтық мереке ретінде өтуде», – деп атап өтті ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы.
Ашылу рәсімінен соң Халифа Алтай рухына Құран бағышталып, ас берілді.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай мешітінің баспасөз қызметі