Семей қалалық Абай кітапханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен және Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы қатысқан дөңгелек үстелде ас беруде ысырапқа жол бермеу, жерлеу рәсімдеріне қатысты дәстүрлерді бір ізділендіру мәселелері талқыланды.
Жиынға Семей қаласының зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар алқа мүшелері «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы жайлы ойларын ортаға салды. Басқосуға қатысқандар қазіргі қоғамда талқыланып жүрген мәселелердің бірі Жаназа және жерлеу рәсімі қабір басына кесене тұрғызып, белгі қою, мұсылман зиратының талаптары мен қағидалары, діни жоралғыларды бір жүйеге келтіру мәселелерін талқылады.
Өкіл имам өз сөзінде «Бұл кітап Ғұламалар кеңесінде 2 жыл қаралып, дайындалды. Кітапта жаназаға қатысты үкімдер топтастырылды. Қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі жан-жақты қамтылды. «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын шығарудағы негізгі мақсат – еліміз бойынша діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу.
Өкіл имам кітапхана қорына «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының бірнеше данасын сыйға тартты.
Дөңгелек үстел барысында журналистер мен зиялы қауым өкілдері өз ұсыныстарын айтып, оң пікірлерін білдірді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.