Бұған дейін 2 балалар үйінде 400-ден астам бөбек тұрып келген.
Соңғы жылдары балалар көптеп асырап алынғандықтан, мұндай үйлер енді қажет емес. Балалар үйінің тәрбиеленушілері азамат болып, пәтер алып, кейінгі бауырларын қолдарына ала бастаған.
– Отбасы жылуын сезініп өскен бүлдіршін бақытты азамат болып қалыптасады, – дейді балалар үйінің басшылығы.
Сания Мусиева, балалар үйінің директоры:
– Біз туған ата-аналарына балаларын қайтаруға тырыстық. Себебі кейбір ата-ана өз құқығының сот арқылы калпына келтіруге болатындығын білмейді. Сол себепті балалар үйінде тәрбиеленушілер саны азайды. khabar.kz