Басқа елден басқарылған топ ел болашағы үшін аса қауіпті. Елімізде өзге елдің молдасын тыңдаған жан дүниесі жат жұрттық азаматтар бар. Олардың қалағаны не? Олардың қоғамға тигізер зияны қандай? Азаматтарымыз неге жат ағым жетегіне тез көнеді? Міне осы секілді басқа да жат ағым өкілдеріне қатысты мәселелерді Алматы имамдары бүгінде қызу талқыға салды.
Алматы қаласында 200-ден астам мешіт қызметкерлері бар. Әрбір қызметкердің өздеріне бекітілген міндеттері айқындалған. Алайда барлығы дерлік жат ағымдағы бауырларымызды қайтара алмағаны мен жат ағымның алдын алу шарасына түгел қатысуы міндетті. Бұл жайында Алматы орталық мешітінде қаланың 200 мешіт қызметкеріне өткізілген жиында Нұрбек Ауесханұлы баяндады.
Жиында жат ағым өкілдерімен осы күнге дейін істелген шаралардың тиімділігінің нәтижесі баяндалды. Қорытындылау нәтижесінде барлық жасалған шаралардың тиімді, алайда, шаралар саны мен шаралардың қарапайымдылығына аса мән беру қажеттігі тапсырылды.
Шарада жат ағым өкілдері қатарына кірген азаматтардың не себепті оларды таңдауы себептеріне пікірлер жинақталып, қорытынды шығарылды. Қорытынды нәтижесінде Ел азаматтары мына қарапайым қағиданы біліп жүрулері қажет делінді: Азамат, өзінің мұсылмандық міндеттерін имамдардан үйреніп оған амал етуі; жат ағымның негізгі сипаты: ол бағытта міндетті түрде адамның нәпсісіне ұнайтын амалдың болатындығын білуі. Мысалы: «Әйелің ұнамай қалса талақ ете сал», «ұрланған ұялы телефондарды сата беруге болады егер ұялы телефон иесі намаз оқымаса»,- деген секілді пікірлер жат ағым өкілдерінде жиі кездеседі. Бұл амалдар жалқау, ішкі дүниесі бұзылған адамдарға ұнап жатады.
Алла тағала Құран Кәрімде: «Олардың жолына түспейінше Насаралар да, Яхудилер де саған риза болмайды…»,-деп адасқан топтар олардың жолын ұстанбайынша сізге риза болмайтындығын баяндаған. Ендеше діннің жаулары сол дін өкіліне өзі істеген жаман амалдарды істетпейінше риза болмайды. Мұсылман бола тұрып, тіпті мұсылман еместің істемейтін ісін істеп жүрген мұсылман нағыз адасушы болар сірә..?
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі.