ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің кезекті тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Семей қалалық имамдарының жиналысын өткізді. Сонымен қатар жиналыста Құрбан айтқа байланысты шақыру хаттарын дайындау, көшелерге Құрбан айт мерекесіне байланысты баннерлер ілу «Біз мектепке барамыз» атты акциясы аясында қайырымдылық көмек көрсету жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтып өтті. Алқалы жиынның соңында имамдар жаңа тапсырмалар алып, нәтижелі жұмыстарды атқарамыз десті. Мейірімі мол Алла Тағаладан алдағы Құрбан айт мерекесін абыроймен өткізіп, ісімізде береке-бірлік болсын деген ниетпен тарқасты.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.