KAZISLAM – Лондонда аса жасырылған құпия бар – ол The Burdett Estate мешіті, оны ешкім ешқашанда діни ғимарат деп ойламайды. Ол Ист-Лондон орталығында орналасқан басқа қарапайым тұрғылықты ғимараттар арасына жасырылған әрі мүлде мешіт дизайніне ұқсап жасалмаған. Осы жылдың көктемінде мешіттің есігі айқара ашылған әрі діни ғимарат қоршаған ортамен көркем үйлесіп тұрғанының бір үлгісі болып табылады, деп жазады Islam-Today Мешіттің ең таңғажайып бөлігі – Меккеге қарап тұрған шыны мұнарасы. Шыны мұнарасы бар мешіт қаланың танымал көркіне айналған. Аталмыш мешіттің тағы бір ерекшелігі бар – ғибарат қабырғаларының бірінде куфикалық стильде жазылған көркем жазу бар. «Алладан басқа құдай жоқ» деген сөйлемше барлық сыртқы есіктер мен терезелерге жазылған. Күн сәулесі түскенде мешіттің ішіне өрме жазу жазылады. Имамның намазда тұратын орны мен мінбер мұнараның ішкі жағында орналасқан. Мешітте оқылған Құранның үні барлық жерге таралу үшін, мешіттің төбесі арнайы жобаланған. Тыныштық атмосферасын жасау үшін мешіттің ішін көркемдеуге тек табиғи түстер ғана қолданылған. Шыны мұнарасы бар мешіт қаланың танымал көркіне айналған.
Толығырақ: http://kazislam.kz/songy-janalyktar/item/14959-alemdegi-e-k-piya-meshit
Материалды көшіріп басу үшін Kazislam.kz сайтына сілтеме көрсету талап етіледі.