Айт намазы оқылғаннан кейін, Аягөз қалалық мешітінде қол күрес, гір көтеру, қой көтеру, арқан тартыс сыңды ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға марапаттау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді. Көпшілікке тегін ас, бүлдіршіндерге «Құрбан айт қабыл болсын!» деген жазулы шарлар үлестірілді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
Аягөз қаласындағы ерекше шара
Қасиетті Құрбан айттың бірінші күні, Аягөз қалалық мешітіні мен аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің ұймдастыруымен, 60–тан аса, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды, жол талғамайтын автөкіліктер арқылы, қаланың көрікті жерлері мен саябақтары аралаттырды. Әр түрлі қызықты ойындар ұйымдастырып, балмұздақ сыңды тәттілер таратылды. Айт арсаңында балаларға базаларлық жасап, мерекелік көңіл күй сылаған мешіт қызметкерлеріне ата-аналар өз тараптарынан алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да, осындай игі шаралар өз жалғасын тапса, деген ізгі ниеттерін білдірді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі