Семей өткен бір күндік семинар  (фото)

ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қос мұнаралы орталық мешітте,  қалалық мешіт имамдарына  бір күндік семинар болып өтті.

Семинар барысында Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Жаназа жерлеу рәсімдеріне қатысты дәстүрлерді бір ізділендіру мәселелері талқыланды. Жаназадағы жерлеу рәсімі турасында аптасына бір рет ақшам құптан намазының аралығында келген жамағатқа таныстырылуды тапсырды.

ҚМДБ – ның маңызды бағыттарының бірі Жұма уағызы және Жұма құтпасы болып табылатындығын айта келе өкіл имам өз сөзінде, «Уағыз-насихат саласы – баршаңызға белгілі, өте күрделі де нәзік, өзектілігін жоймайтын қызмет. Себебі, халық дін кәусарынан имамдар арқылы сусындайды, көңіл көкжиегін, таным-түсінігін кеңейтеді, әдістемелік жинақтың имамдардың, дін қызметкерлері мен жалпы мұсылман жұртшылығының діни сауатын арттыруға өлшеусіз қызмет атқарып келе жатқандығын айтып өтті.

Семинар соңында Жұма уағызы кітабын келген имамдарға бір – бір данадан үлестірді.

ҚМДБ тарапынан келген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы Жұма уағызы кітабы барлық мешіттердің кітапхана сөрелерінде тұру керек екендігін ескертті.

 

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.