Ендеше, әзіл әдептерін Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері негізінде қарастырып көрейік:
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) да сахабаларының көңілін көтеріп, қуаныш сыйлау үшін қалжыңдайтын болған. Демек жаныңдағыларға шаттық сыйлау мақсатында айтылған әзіл де Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті болмақ. Жөнімен айтылған қалжың әлбетте қуаныш сыйлайды. Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жұмсақ мінезін аша түсетін, біреудің кемшілігін емес, керісінше, мәртебесін көтеретін көптеген әзіл оқиғалар келтірілген. Анас ибн Мәліктің (оған Алла разы болсын) құлағының үлкендігін мақтан етуді меңзеп, оны Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, екі құлақтың иесі» деп атағаны бар.
Кей хабарларда: «Күлкі үшін мүлде болмаған оқиғаларды ойдан шығарып айтатындар неткен бақытсыз!» делінеді.
Бір күні Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) Пайғамбармыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалжыңдап отырғанын көріп:
«Уа, Алла Елшісі! Сен де қалжыңдайсың ба?», деп сұрайды.
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Иә, мен де қалжыңдаймын, бірақ қалжыңдасам да тек шындықты айтамын» дейді.
Демек, біреудің көңілі үшін мүлде болмаған оқиғаларды ойдан шығарып, өтірік әзіл айтудан аулақ болған жөн.
Алла құзырында өтірікші болып жазылудан сақтасын!
Пайғамбармыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
Демек, өзгенің көңіліне тиетін істен, орынсыз әзілден сақтануымыз қажет.
Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Көп күлме, өйткені күлкі жанды өлтіреді» десе, Хәкім Абай өзінің төртінші қара сөзінде:
«Әрбір байқаған адам білсе керек; күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалса керек. Әрбір уайым қайғы ойлағыш кісі не дүние…» дейді.
Расында, орынсыз және шамадан тыс күлкінің ұяты мен зияны көп. «Қалай күлгеніне қарап кісінің – әдептілігі, неге күлгеніне қарап – оның ақыл-өрісі танылады» дегендей, шамадан тыс қарқылдап күлу ешкімнің де абыройын үстем етпейді. Әсіресе орынсыз күлкінің қыз баласының иба-ізетіне нұқсаны орасан. Халқымыздың «қыздың күлгені-өлгені, жымиғаны-күлгені» деген даналығы осыны меңзесе керек?!
Адамзат баласының ардақтысы, сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатты күліп отырғандардың қасынан өтіп бара жатып: «Менің білгенімді сендер де білгендеріңде, күлмей, жылар едіңдер», – деген екен.
Сондықтан да, әр мұсылман пәни тіршілігінде орынсыз күлкіден сақтанып, әдепсіз қылықтарымен емес, көркем мінез-құлығымен адамдарды өзіне тарта білгені жөн.
Бұла тақырыптарға дінді және діни нышандарды, әр адамның, әр шаңырақтың сыры саналатын дүниелерді жатқызуға болады.
Наным-сенім сияқты біреу үшін қасиетті дүниелер өзге біреудің мазақ ету немесе күлкі ету тақырыбы болмауы тиіс. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Дінде зорлық жоқ»(Бақара сүресі, 256-аят.), – деп баяндаған. Сондықтан да, өзгенің сенімін қорлау – өз сеніміңді қорлаумен тең екендігін ұмытпай, әр адам өз сенімін бойына сіңірген көркем мінез арқылы насихаттағаны жөн.
Сол секілді кез келген пенденің, отбасының, қоғамның өз сыры, кішігірім айыбы болуы мүмкін. Сол кемшіліктің артың аңдып, оны әшкере етіп, күлкі қылудан сақтану қажет.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
Тағы бір хадисте: «Егер біреудің жасырын күнәсін әшкере етсең, оны ашық істеуге итермелеген боласың» делінген. Яғни, айыбы әшкере болған кісі бұрынғыдай қымсынуын, әлгі қылығын жұрт көзінен жасыруын доғарып, ашық істей бастайды.