Кешегі аптаның қасиетті жұма күні Семей өңірі бойынша ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімі “Әйелдер-қыздар” секторының ұйымдастыруымен Қос мұнаралы орталық мешіт ауласында кезекті «Қайырымдылық жәрмеңке» өтті. Ардақты елші Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өз хадисінде«Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!”, – деп айтқан. Мешіт жанындағы сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірт апайларымыз бен қыздарымыздың өз қолдарымен пісірген әртүрлі тағам түрлері сатылымға шығарылды. Алланың разылығы үшін мешітке қадам басып келген мұсылман бауырлар таңдаған дүниесін қуана сатып алды. Ұйымдастырған қайырымдылық-жәрмеңкеден түскен қаражат алда «Әйел-қыздар» секторы жасайтын әртүрлі қайырымдылық істерге жұмсалмақ.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.