ХАДИСТІ БҰРМАЛАУҒА ҚАРСЫ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

KAZISLAM – Сауд Арабиясында экстремизмге қарсы күрес жүргізу мақсатында хадистерді жіктеу мен зерттеуге, жинақтауға арналған орталық құрылады, деп хабарлайды SPA ақпараттық агенттігі. Салман бин Абдулазиз әл-Саудтың бұйрығына сәйкес, орталық Мәдина қаласында ашылады және онда әлемдік деңгейдегі хадисші ғалымдар жұмыс істейтін болады.   Сауд Арабиясы Мәдениет және ақпарат министрі Авад бин Салех әл-Авад аталмыш орталық хадис саласындағы негізгі қайнаркөзге айналып, хадис мәтіндерінің дұрыстығын зерттеп, жинақтайтынына уәде берді. Бұл орталық хадистерді түсінуде шариғат заңнамаларын бұрмалауға күш салатын экстремистік қозғалыстардың өзгерістер жасауына жол бермеуге, сондай-ақ, қасиетті мәтіндерді саяси және әскери мақсаттарда қолданудың алдын алуға қарсы жұмыс жүргізеді.

Толығырақ: http://kazislam.kz/songy-janalyktar/item/15346-khadisti-b-rmalau-a-karsy-ortalyk-ashylady
Материалды көшіріп басу үшін Kazislam.kz сайтына сілтеме көрсету талап етіледі.