Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Семей аймағы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша «Ұлы дала жастары» атты кіші футболдан мешіт жамағаттары арасында жарыс өтті.
Жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарыс Даланбай мешіті жанындағы футбол алаңында жоғары деңгейде өтті. Кіші аяқ доп сайысында Семей қалалық Төлеубекқажы мешіті атынан ұйымдасқан команда топ жарды.
Екінші орын Намазхана жамағаттарына бұйырды. «Даланбай» мешіті үшінші орынға табан тіреді. Жеңімпаздар кубоктармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Жарыс тартысты және қызықты өтті.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.