Мәскеу қаласында өткен XIII Халықаралық Құран жарысына биылғы жылы 32 елдің үміткері қатысып, бақ сынасты. Екі кезеңнен тұратын сайыстың ақтық айналымына қатысушылар арасынан іріктеліп, үздік деп танылған бес үміткер ғана жіберілді. «Крокус Сити холл» сарайында өткен ақтық кезеңде Сирия, Ливия, Иран, Египет және Бахрейн мемлекеттерінің хафиздері ғана қатысып, жүлделі орындарды өзара бөлісті. Сайыстың жеңімпазы ретінде ирандық хафиз Лаад Амир танылса, Бахрейн мен Сирия елінің хафиздері ІІ және ІІІ орындарды иеленді. Құранды оқу өнері басқа да дін өкілдерін қызықтырды. Равиль Гайнутдин, Ресей муфтилер Қеңесінің басшысы: – Осы жолы Құранды мәнерлеп оқу сайысы Ресейдегі экология жылына арналды. Хафиздер Алла тағаланың әлемді жаратқаны туралы және қоршаған ортаны көркем сипаттайтын аятарды таңдап оқыды. Біз осы шара барлық мұсылмандарды біріктіретіне шын жүректен үміттенеміз. Сайыс ұйымдастырушыларының бастамасымен «Крокус Сити холл» сарайында халал тағамдар мен косметика, дәрі-дәрмектер жәрмеңкесі де қоса өткізілген.
Толығырақ: http://kazislam.kz/songy-janalyktar/item/15195-resejde-k-randy-manerlep-okudan-alemdik-zharys-otti
Материалды көшіріп басу үшін Kazislam.kz сайтына сілтеме көрсету талап етіледі.