Семей қаласындағы ОВ 156/14 – 11, ОВ 156/15 -35 түзету колониясында ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкілдігі және Дін мәселесін зерттеу орталығы ұйымдастыруымен жазасын өтеушілерге Рухани келісім күніне байланысты іс – шара өтті. Осы шараға Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Баешов Бекзат Боранбайұлы Рухани келісім күніне байланысты уағыз насихат айтып мерекемен құттықтады. Жазасын өтеушілердің арасында сурет салу өнері, әдеби шығармашылық, спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Осы іс шара барысында жүзден жүйрік жүлделі орын алғандарға марапат, сыйлықтар тапсырылды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.