БАС МҮФТИ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ҚМДБ әйел-қыздар секторының 2017 жылғы есебін тыңдады.

Мәжіліске ҚМДБ Уағыз-насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, әр өңірдегі әйел-қыздар секторының өкілдері қатысты.

Ержан қажы Малғажыұлының жетекшілігімен өткен мәжілісте діни сауат ашу курсы, үгіт-насихат, жат ағыммен жұмыс т.б. бағыттар бойынша есеп берілді.

«Ислам – теңдік, кемелдік пен үйлесімділік діні. Сондықтан ер мен әйелдің құқығы тең әрі үйлесімді қарастырылған. Дінімізде әйелдің орыны ерекше, әрі жауапкершілігіде бар. Осы асыл құндықтарды жеткізетін сіздерсіздер.  Діни басқарманың діни саладағы жолы айқын, бағыты анық. Осы бағыт бойынша жұмыстарымызды сәт сайын жетілдіруіміз тиіс. Әр қызметкер өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен, ыждаһаттылықпен орындауы керек. ХХІ ғасыр – әрбір дін қызметкері үшін тарихи кезең. Осы тарихи кезеңде бәріміз жоғары деңгейде қызмет етуіміз қажет», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторы сауат ашу курсы, қайырымдылық шаралы мен түрлі семинарлар ұйымдастырып отырады. Сонымен қатар, Астанада «Жібек» қыз-келіншектер клубы құрылған болатын.

www.muftyat.kz