«УАҚЫП» ҚОРЫ  ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынған тізімі бойынша, ең алғаш рет өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі молдаларға, қайырымдылық көмек көрсетті.

Қажеттілікке орай ай-сайын берілетін қайырымдылық көмектің орташа мөлшері – 50-60 мың теңге.

«Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша 5 имамға көмек көрсетті.

Алдағы уақыттада осы қайырымдылық көмек барлық дін қызметкерлеріне көмек көрсететін болады. Осы ізгі іс – шараны ұйымдастырып жатқан азаматтарға алғыс білдіреміз.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.