2017 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қоры еліміздегі жаңа мешіттердің құрылысына 593 004 524 теңге аударды. Бұл туралы мүфтияттың жылдық қорытынды есебіне арналған жиында қордың атқарушы директоры Әлішер Спанов мәлімдеді.
«Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, рухани, білім беру, жалпы қоғамға пайдалы жобаларға қолдау көрсетіп келеді. «Зекет» қорының негізгі мақсаты – зекеттің жиналуы мен тиісті орынға жіберілуін жүзеге асыру. 2017 жылы қордың есебінен елімізде салынып жатқан мешіттерге 593 004 524 теңге аударылды. Бұдан бөлек өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын шалғайдағы 100-ден астам ауыл имамының жалақысын беріп келеміз. Олар қордың есебінен 20-60 мың теңге аралығында айлық алады», – деп атап өтті қордың атқарушы директоры.
Ә.Спановтың айтуынша, «Зекет» қорының бас кеңсесі қайырымдылық жобаларға 5 556 000 теңге бөлген.