Исламдағы бауырмашылдық сезім Алла Тағаланың ықыласты, тақуа мұсылман құлдарының бойына дарытатын иләһи қасиет. Алла Тағала Құран кәрімде:
وَأَلَّفَ بَيْنَ قُلُوبِهِمْ ۚ لَوْ أَنفَقْتَ مَا فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا مَّا أَلَّفْتَ بَيْنَ قُلُوبِهِمْ وَلَـٰكِنَّ اللَّهَ أَلَّفَ بَيْنَهُمْ ۚ إِنَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Шынайы мұсылман қоғамын мұсылмандар арасындағы өзара бауырмашылдық сезімінсіз суреттеу мүмкін емес. Мұндай сезімдегі бауырлар ағаштың бұтақтары іспеттес саны көбейген сайын қуаттала түседі. Бұтағы көп мықты ағашқа қатты жел әсер ете алмағандай ауызбіршілігі, бауырмашылдығы мығым елге ешқандай қара пиғылды күштер әсер ете алмайды. Әлбетте бұл ағаштың қажетті жеміс беруі имандылыққа тікелей байланысты, Алла тағала Құран кәрімде:
إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ
Бауырмашылдық Алла тағаланың адам баласына берген бұл ұлы нығметі иманнан кейінгі қасиетті ұғым. Алла тағала Құран кәрімде:
إِذْ كُنتُمْ أَعْدَاء فَأَلَّفَ بَيْنَ قُلُوبِكُمْ فَأَصْبَحْتُم بِنِعْمَتِهِ إِخْوَاناً
Пайғамбарымыз ﷺ Меккеден Мәдина қаласына һижрет жасаған кезде ең алғашқы әрі ең маңызды амалдарының бірі – Мәдина мұсылмандарын татуластыруы, бір-біріне бауыр қылуы. Пайғамбарымыздың ﷺ бұл әрекетінен мұсылман арасындағы бауырмашылдықтың мұсылман мемлекетінің іргесінің мығым болуына негізгі шарт екенін көруге болады. Сонда ғана бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарған ынтымағы жарасқан ел боламыз. Нұғман ибн Башир (р.а) риуаятында Пайғамбарымыз ﷺ:
مَثَلُ الْمًؤْمِنِينَ فِي تَوَادّهِمْ وَ تَرَاحُمِهِمْ وَ تَعَاطُفِهِمْ مَثَلُ الْجَسَدِ إِذَا اِشْتَكَى مِنْهُ عُضوٌ تَدَاعَى لَهُ سَائِرَ الْجَسَدِ بِالسَّهْرِ وَالْحُمَّى
Алаштың арысы Әлихан Бөкейханов өз сөзінде:
Денені құраған ағзалар бірігіп жұмыс жасаған уақытта дене сау болатыны сияқты қоғамның мүшесі саналатын адамдар да, бауырмашылдықта болса, өркендеп гүлденеді.
Алла Тағала Құран кәрімде:
وَأَطِيعُواْ اللّهَ وَرَسُولَهُ وَلاَ تَنَازَعُواْ فَتَفْشَلُواْ وَتَذْهَبَ رِيحُكُمْ وَاصْبِرُواْ إِنَّ اللّهَ مَعَ الصَّابِرِينَ
Алла тағала бұл аятта мұсылмандар арасындағы жанжалдың оларды құрдымға апаратынын меңзеуде. Бұл аятқа орай Имам әр-Рази: «жанжалдасудың зардабы ол мұсылмандардың әлсіздігіне себеп болады»[6] деген.
Басқа бір аятта Алла тағала:
شَرَعَ لَكُم مِّنَ الدِّينِ مَا وَصَّى بِهِ نُوحاً وَالَّذِي أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ وَمَا وَصَّيْنَا بِهِ إِبْرَاهِيمَ وَمُوسَى وَعِيسَى أَنْ أَقِيمُوا الدِّينَ وَلَا تَتَفَرَّقُوا فِيهِ
Бұл аяттың тәпсірі жайында атақты муфасир[8] ғалым әл-Бағауи: «барлық пайғамбарлар (Алланың оларға сәлемі болсын) Алланың дінін орнату үшін, қоғам арасында бейбітшілік таратып, алауыздықты жою үшін жіберілді»[9] деген.
Пайғамбарымыздың ﷺ хадистерінде Құран аяттарын қуаттайтын, бірлікті, ынтымақты үндейтін бөлінуге, ажырауға тыйым салатын көптеген хадистер бар:
إِنَّ اللهَ يَرْضَى لَكُمْ ثَلَاثًا وَيَكْرَهُ لَكُمْ ثَلَاثًا فَيَرْضَى لَكُمْ: أَنْ تَعْبُدُوهُ، وَلَا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا، وَأَنْ تَعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللهِ جَمِيعًا وَلَا تَفَرَّقُوا، وَيَكْرَهُ لَكُمْ: قِيلَ وَقَالَ، وَكَثْرَةُ السُّؤَالِ، وَإِضَاعَةُ الْمَالِ.
Бұл хадис жайында Имам ән-Науауи: ««бөлінбеңдер» деген әмір мұсылман арасындағы ауызбіршілікті меңзейді», деген. Бұл исламның бұлжымас қағидаларынан.[11]
Басқа бір хадисте: «Жамағатпен бірге болыңдар, бөлінуден аулақ болыңдар, шын мәнінде шайтан жалғызбен бірге, екі адамнан алыс, кімде-кім жәннәттың рахатын қаласа, жамағатпен бірге болсын»[12]деген.
Бауырмашылдықтың шарттары:
Егер бір мұсылманды жақсы көргенде Алланың разылығы емес, адамның биік мансабы, абыройы, байлығы себеп болса ол Алла қалаған бауырмашылдыққа жатпайды.
Бауырмашылдықтың шарттарының бірі имани жолда байланысуы, азғындық жолда болмауы.
Мұсылман екінші мұсылманмен оооооо жанжалдаспайды, кешірімге бейім тұрады. Егер мұсылман бауырлар арасында қателік орын алса, оны кешіреді.
Шынайы мұсылман бауырдың сипаты әр кез бауырына көмек көрсетуде алдыңғы қатарда тұрады.
Алла тағала бір-бірін шынайы жақсы көрген бауырларға есепсіз сауаптар жазады. Оның қайтарымы бұл өмірде де ақыретте де болады.
Бауырмашылдықтың жемістері:
Құдси хадисте: «Кімде-кім менің разылығым үшін бір-бірін жақсы көрсе, мәжілістес (бір отырыста болу) болса, бір-біріне зиярат жасаса, бір-біріне жәрдемдессе менің махаббатым оған нәсіп болады» делінген.[13]Алланың құрметіне ие болады. Пайғамбарымыздың ﷺ хадисінде: «Кімде-кім біреуді Алланың разылығы үшін жақсы көрсе, дәрежесін көтереді»,[14]деген.
Әбу Хурайрадан жеткен хадис бойынша Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Алла тағала қиямет күні айтады: «Менің разылығым үшін бір-бірін жақсы көргендерге бүгін ешкімге көлеңке нәсіп етпеген күні оларға көлеңке нәсіп болады»[15].
Әбу Хурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Кім егер иманның ләззәтін сезінуді қаласа, Алла разылығы үшін бір адамды жақсы көрсін.[16]
Әбу Умамадан жеткен хадис бойынша Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Кімде-кім Алла разылығы үшін жақсы көрсе, жек көрсе, садақа берсе, бас тартса, иманының кәмілдігінің белгісі»[17].
Әбу Хурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Иман келтірмейінше жәннәтқа кірмейсіндер және бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше толық иман келтірмейсіңдер, бір-бірлеріңді жақсы көруге апарар жолды көрсетейін бе? Араларыңда сәлем жайыңдар»[18].
Мұсылмандардың дамуына тежеу болып отырған бірнеше факторлар бар, егер олардың түйіні шешілсе дүниеде нағыз ауызбіршілік, сүйіспеншілік орнар еді.
Мұсылмандардың бірлігіне кедергі болатын жайттар:
Мұсылманның бұл фәни дүние мен о дүниедегі жағдайы оның ұстанған ақидасына байланысты. Аллаға деген сенім дұрыс болса, пенденің жүрегінде тыныштық орнап, жүрегі жай табады. Ал ақидасы қате болса, тура жолдан ауытқығаны, оның Алла разылығы үшін жасап жатқан амалдарынан еш пайда болмағаны. Сол себепті сенім ілімі ең маңызды ілімдердің қатарында. Ондай ауытқулар байқалған жағдайда міндетті түрде сенімді негіздерге сүйене отырып, жөнделуі тиіс. Сенім дұрыс қалыптаспаған адамдардың жүрегінде күмән болғандықтан әр кез мұсылмандардың арасында осы дертін жаюға тырысады. Ақидадағы қате түсінік қазіргі уақытта еліміздегі мұсылмандар арасын бөлудегі негізгі себептерден болып отыр.
Ислами білім азайған уақытта дінге кірген мұсылмандардың бір ғалымның артынан еріп, оның айтқанына жүгінуі міндетті амалдардан. Исламның алғашқы дәуірлерінен бастап, ислам мазһабтары мұсылман арасындағы бірліктің, ынтымақтың негізгі факторы ретінде қаралған. Өйткені, әр адам өз бетінше шариғатты түсінуге тырысса, уақыт өте мұсылман қоғамында бір-біріне қарсы, бір-біріне бағынбайтын бірнеше топтардың пайда болуына апарады. Бұл өз кезегінде мұсылмандар арасындағы алауыздықтың алғашқы қадамы.
Басшылыққа бағынбау бауырмашылдыққа кедергі болатын негізгі себептердің бірі. Қазіргі замандағы мұсылман мемлекеттеріндегі нәубеттердің ең негізгі себебі – басшыға бағынбау. Алла тағала Құран кәрімде:
{يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ أَطِيعُواْ اللّهَ وَأَطِيعُواْ الرَّسُولَ وَأُوْلِي الأَمْرِ مِنكُمْ فَإِن تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللّهِ وَالرَّسُولِ إِن كُنتُمْ تُؤْمِنُونَ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ ذَلِكَ خَيْرٌ وَأَحْسَنُ تَأْوِيلاً}
Мұның айқын көрінісі ретінде мешітке келуші кейбір жат ағым өкілдерінің заңды түрде мемлекет тарапынан бекітілген имамдарға бағынбауын, оларға мұсылмандарды қарсы қоюын мысалға келтіруге болады.
4. Әл-уәләә уәл-бараа немесе Алла разылығы үшін жақсы көру, Алла разылығы үшін жек көру мәселесіндегі қате ұстаным.
Әл-уәләә – Алла тағаланы және оның пайғамбарын, мұсылмандарды жақсы көру.
Әл-Бараа – Алла тағалаға, оның пайғамбарына, мұсылмандарға қарсы шыққандарды, мүшріктерді, екіжүзділерді, пасықтарды жек көру.
Бұл дегеніміз Алланың әмірлерін, пайғамбарымыздың ﷺнің сүннеттерін бұлжытпай орындайтын мүміндерді жақсы көру оларға жәрдемдесу. Алла тағала Құран кәрімде:
وَالْمُؤْمِنُونَ وَالْمُؤْمِنَاتُ بَعْضُهُمْ أَوْلِيَاءُ بَعْضٍ ۚ يَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ وَيُقِيمُونَ الصَّلَاةَ وَيُؤْتُونَ الزَّكَاةَ وَيُطِيعُونَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ ۚ أُولَٰئِكَ سَيَرْحَمُهُمُ اللَّهُ ۗ إِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Егер мұсылман емес басқа дін өкілі болатын болса да онымен қарым-қатынаста шектен шығып астамшылдық жасауға болмайды. Тарих куә Пайғамбарымыздың ﷺ кезінде де одан кейінгі алтын ғасырларда мұсылмандар мен басқа дін өкілдері тату-тәтті бейбітшілікте өмір сүріп келген. Оларды діндері үшін қудалау, байлықтарына қол сұғу кездеспеген. Мұның айқын көрінісі ретінде жүзден астам ұлттың Отанына айналған елімізді мысалға келтіруге болады.
Мұсылмандар арасына жік салуды мақсат ететін кейбір жат ағым өкілдері осы ұстанымды негізге ала отырып, Аллаға құлшылық жасап, бес парызын орындап жүрген, алайда олардың ұстанымымен санаспайтын мұсылмандарды шектеп, Алла разылығы үшін жек көру керектігін алға тартады. Бұл ұстанымды қолдайтын жат ағым өкілдері өзге мұсылман топтармен байланыспай, исламдағы бауырмашылдыққа балта шабуда.
Біріңді, қазақ, бірің дос,
Көрмесең істің бәрі бос.
Малыңды жауға,
Басыңды дауға,
Қор қылма, қорға, татулас» деп, Абай атамыз айтқандай мұсылман арасындағы алауыздық ислам үмметін жегідей жеп, іштей құлдыратуда. Құран аяттарында, пайғамбар ﷺ хадистерінде келген тікелей әмірге қарсы келуде. Мұсылман үмметінің осындай кедергілерді ысырып, нәпсінің айдағанына ермей, таза ақыл-ойға жүгініп, пікір қылатын кез келді. Алла еліміздегі мұсылмандардың ауызбіршілігін нығайтып, бауырмашылдығын арттыра көр!!!
Хамзат Әділбеков,
ҚМДБ «Насихат және қоғаммен байланыс»
бөлімінің маманы