Шар қаласының мәдениет үйінде Жарма аудандық ақпараттық түсіндіру тобының Шар қаласындағы білім мекемелері – Абай атындағы ОМ, Т.Көбдіков атындағы ОМ, Карелин атындағы ОМ және Б.Тұрсынов атындағы ОМ, 9-11 мектеп оқушыларымен “Деструктивті теріс ағымдардың кері әсері” атты тақырыпта кездесуі өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада қалалық мешіттің бас имамы Бүркітбаев Мұқаш Қаржыбайұлы, дінтану пәнінің мұғалімі Бөлкенов Тұрғазы Құсайынұлы және жергелікті атқарушы органдары өкілдері қатысты. Кездесудің мақсаты Ханафилік мазхабтың құндылықтарын түсіндіру және жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу болып табылады. Іс шара барысында экстремистік бағыттағы діни ағымдардың қауіптілігі туралы бейнеролик көрсетіліп, мамандар оқушыларға толғандырған сұрақтарға жауап берілді.
Шар қалалық мешітінің баспасөз қызметі.