ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz
Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен кезекті ресми жиналыста еліміздегі дін қызметкерлеріне осындай ұран тастады.
Жиналысқа бірінші наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфтилер – Алау Әділбай, Бауыржан Есмахан, ҚМДБ аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, мүфтият қызметкерлері қатысты.
«Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді», – деп баяндаған. Жаңа қызметімде дін қызметкерлері арасында «Өзгеруді өзіңнен баста!» деген ұран тастаймын. Егер адам өзгерсе, оның көршісі өзгереді. Одан кейін қоғам өзгереді. Бұл мәселеде әр адамның ойы, сана-сезімі өзгеруі маңызды», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.
ҚМДБ төрағасы С.Сатыбалдыұлы наиб мүфтилерге осы бастама аясында кешенді бағдарлама қабылдап, игі жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.