«Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы» тақырыбында әйел жамағатына арналған семинар. ФОТО

 Жаһандану дәуірінде өз тарихының, мәдениетінің, діні мен тілінің қадіріне жететін халық қана табысты өркендей алатындығының кепілі. Рухани құндылықтарымызды нығайту, ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен әдебиетіміз, ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуға, ҚМДБ – ның  Семей аймағы бойынша  «Әйел қыздар секторы» жауапты Тұрлықожанова Динара Тұрсынбайқызының бастамасымен Елбасымыз Нурсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» атты бағдарлама мақаласын жүзеге асыру ниетімен, «Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы» тақырыбында әйел жамағатына арналған семинар өтті.

«Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.

Оның екі қыры бар.

Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.

Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.»

Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін?»

«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.» (Елбасымыздың жолдауынан)

Халқымыздың салт санасы, әдет ғұрпы, ертегі, аңыздары, мақал мәтелдері, жыр-термелері, ойын-сауығы, жұмбақтарымен жаңылтпаштары барлығы айналып келіп тәрбиеге тірелген.

« Тәрбиеден мақсұт-адамды һәм сол адамның ұлтын, асса, барлық адамзат дүниесін бақытты қылу»  (М. Жұмабаев(

Семинардың мақсаты әйел адамның мемлекетіміздің дамуында алатын өз орны бар екенін көрсету, ұллтық тәрбиемізді жаңғырту болды.

Семинарды ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы  Алтыбай Мақсат Қуанышұлының сөзімен басталды. Өкіл имам өз сөзінде Елбасымыздың Рухани жаңғыру мақаласының маңыздылығын айта келе: «Исламда отбасы құрудағы негізгі мақсаттардың бірі- өмірге ұрпақ әкелу,иманды, ізгі ұрпақ тәрбиелеу. Хадисте: «Балаға бір мәрте көңіл бөліп, тәрбие беру- бір сағат көлемінде садақа бергеннен де жақсы», деп келген. Қоғамның бір бөлігін әйелдер құрайды. Әйел- ана, ол-жар, ол-әпке –қарындас.  Ұлттың ұлағаты мен тәрбиесі анадан басталады.  Дана халқымыз «Ұл тәрбиелесең – әскер тәрбиелегенің, қыз тәрбиелесең мемлекет тәрбиелегенің» деп айтқан. Әйел –қоғамның болашақ мүшелерін тәрбиелейді» ,«Әйел адам бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», сөзін бастады.

   Сөз кезегін ШҚО бойынша «Әйел-қыздар секторы» жауапты ұстаз Қожахметова Талшын Зарқымқызы жалғастырды: «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі- әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу біздің борышымыз. Отбасы адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әйелдердің отбасындағы беделі мен қоғамдағы алар орнының жоғары дәрежеге көтерілгенін олардың көшбасшылығы мен іскерліктерінен аңғаруға болады. Қазақ ұлы халық, мұндай ұлттың ұрпағы болу кез келгннің маңдайына бұйырмайтын бақыт. Міне осындай тәлім тәрбиесі мен мән мазмұны зор іс-шаралар жастарға,аяулы қыздарымызға,өскелең ұрпаққа ой салып, жүректегі нәзік қылдарын бір тербеп өткені анық”

   Сөз кезегін Семей қаласы Қос мұнаралы орталық мешіт ұстазы Ахметжанова Жұмагүл ұстаз жалғастырды: «  Біздің тарихымыз біз үшін үлкен мектеп. Артында өшпес із қалдырған Абай атамыз, Шәкәрім атамыз, Семейден шыққан Талғат Рысқұлбековты ауыз толтыра айта аламыз. Ұрпақ тәрбеиесінің ажырамас бір бөлігі тарихымызды ұмытпау»

Семинар соңында өкіл имам ұстаздарды «Болашаққа бағдар: «рухани жаңғыру бағдарламасы аясында» ұлттық-рухани тәрбиенің жалғасуына  «Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы» атты семинарға белсенді атсалысқан ерен еңбектеріңізге шынайы алғысымызды білдіреміз деп  алғыс хатпен марапаттады, және әжелер мектебін ашылуымен қорытындылады.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.