ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz
Астанада өтіп жатқан Еуразия мұсылман ғұламаларының форумында баяндама жасаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз форумның тұрақты Хатшылығын құруды ұсынды.
«Ислам діні Еуразия мұсылмандары арасында Қарахан кезеңінде тарала бастап, Алтын Орда дәуірінде аяқталғаны баршамызға мәлім. Мәураннахр мен Анадолы және Каспий мен Еділ бойында жаңа түркі-ислам өркениетінің негізі қаланды. Яғни, біздің діни-рухани тұтастығымызды қамтамасыз етіп отырған ортақ тарихымыз бен мәдениетіміз бар. Олай болса, сырттан келіп жатқан тасқындарға төтеп беру үшін Еуразия мұсылмандарының мәдени және рухани интеграциясын жандандыруымыз керек. Бұл ретте форумның тұрақты Хатшылығын құрсақ, ортақ мәселелерді оңтайлы шешетін боламыз», – деп атап өтті ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.