ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz
Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен өтіп жатқан Еуразия мұсылман ғұламаларының форумында сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қазіргі сын-қатерге төтеп берудің төте жолы туралы айтты.
«Бүгінгі таңда әлем қарқынды түрде өзгеруде. Адамгершілік қасиеттер көбіне тасада қалып жатқан қазіргі жаһандану заманында бойына рухани құндылықтарды жинақтаған жандар ғана сана «соғысынан» аман қалып, қауіп-қатерден құтылады. Жаңа замандағы тенденциялар мен сын-қатерлерге төтеп берудің төте жолы – дініміздің асыл құндылықтарымен өріліп, өрнектелген діни танымымызды қайта жаңғырту. Бұл бағытта рухани қайта өрлеу мен дүниетанымдық тұрғыдан терең өзгеріс қажет», – деді ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.