Аягөз қалалық мешітінде бесін намазының алдында ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы жамағатқа «Өзгеге жәрдем беру – мұсылмандық борыш» атты тақырыпта уағыз насихат айтты. Сонымен қатар күні кеше су тасқынынан зардап шеккен ағайынды төзіммен сабырға шақырып, жер – жерлерден келіп жатқан қайырымды жандардың көмегіне, берекемен жақсылық тілеп, алғысын білдірді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі