Діни экстремизм – ақиқат діннің жауы және ата ананың қадірі.

Қалбатау ауылының Жастар үйінде аудандық ақпараттық түсіндіру тобының ауылдың білім мекемелері – Маяковский атындағы ОМ, Георгиевка ОМ және Абай атындағы мектеп-гимназияның 9-11 сынып оқушыларымен «Діни экстремизм – ақиқат діннің жауы» және отбасы жылына байланысты «баланың ата – ана алдындағы борышы»  атты тақырыпта кездесуі өтті. Кездесу барысында аудандық орталық мешіттің наиб-имамы Әбдусамет Тойқылды және Маяковский атындағы ОМ тарих пәнінің мұғалімі Омарова Үміт дәстүрлі емес діни ұйымдардың негізгі бағыттары, олардың қарамағына ілінбеу және дәстүрлі діннің құндылықтары туралы баяндады. Іс шара барысында экстремистік бағыттағы діни ағымдар, олардың ішінде Таблиғи жамағат, Салафизм, Хизбут-ат-тахрир және т.б. ұйымдарының қауіптілігі туралы бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларды толғандырған сұрақтарға жауап берілді.

 

Жарма аудандық мешіті.