Қыс қаһары тарқап, жаз базары бастау алғалы мешіт жанындағы тазалықты сақтауға да ерекше назар аударылады. «Қос мұнаралы» орталық мешіт аптаның әр бейсенбісін тазалық шарасы күні етіп белгіледі.
Бұл күні мешіт қызметкерлерімен бірге, намазхан жамағат та қол ұштарын бермекші. Жұма намазы күні тарлық ететіндіктен намазхандар парыз намазын далада оқуға мәжбүр. Сондықтан мешіт алаңында тазалықты сақтау аса маңызды болып отыр.
Мешіт – Алланың жердегі үйі, оған жанашырлықпен қарау имандылықтың белгісі. Мұны жамағат та сезіне түсіп, әркім өзінің қал-қадірінше үлес қосатыны қуантады.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.