Қоғамды Ислам дінін қабылдап, мұсылмандыққа бет бұрған бауырларымыздың саны көбейіп жатқанын естіп, біліп жүрміз. Тіпті, дүниені дүр сілкіндірген америкалық боксшы Мұхаммед Али де, поп музыка патшасы Майкл Джексон, атақты кәсіпқой боксшы Майк Тайсонның өзі исламның құдіретін түсініп, исламды қабылдап ғана қоймай, сәждеге бас қойғандығы күллі әлемге аян.
Осындай жақсы жаңалықтың бірі – Семей өңірінде де орын алды. Қалалық «Шәкәрім қажы» мешітінде, бұрын христиан дінінде болған, ұлты орыс Александр Александрұлы деген азамат. Ислам дінінің құдіретіне бас иіп, дінге үлкен қызығушылықпен қарап, нәтижесінде Ислам дінін қабылдады. Жамағаттың, әсіресе түрлі ұлт өкілдерінің дінімізді құрметтеп, мұсылмандыққа бет бұрып, дінді қабылдауы – ол осы жолда қызмет етуші, Ислам дінін насихаттаушы имамдардың да еңбегі деуге болады.
Шәкәрім қажы мешітінің наиб мамы Тасболатов Жарқынбек азан шақырып жаңадан Ескендір деген ат қойды. Артынан Ескендір Александрұлы мен Гүлназ Шалқарбекқызының Шәкәрім қажы мешітінің бас имамы Серікқали Бейсенұлы неке құтпасын оқып, шариғи жолмен некелері қиылды. Арнұр бауырымыз баспана алып берді.
Ислам дінін үлкен ықыласпен, зор қуанышпен қабылдаушы азаматымыз да өз ризашылығын білдірді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.