Апат айтып келмейді демекші облысымыздың бір шама аймақтарында су тасқыны жүріп халықымыз баспаналарынан айырылып қатты қиналып қалды. Бұл сынаққа біздер сабырлық қылып бір бірімізге барынша жәрдемдесуіміз қажет.
«Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла Тағала оны қиямет қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады. Яғни қиын қыстау кезеңде бірімізге біріміз қарайласу әр мұсылманнаң міндеті әрі сауапты іс.
Осындай ел басына күн туған кезде еліміздің әр аймағынан апаттан зардап шеккендерге көмек келіп жатыр. Қаламыздағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға келген гуманитарлық көмектің таратылуын ҚМДБ — ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының бастамасымен Семей өңірі бойынша «Әйел -қыздар секторы» өз мойынына алған болатын. Азық-түлік пен киімдерді қала мешіттеріне бөліп таратты. Нахаловка кентіндегі Төкеш мешіт маңында бір апта бойы апаттан зардап шеккен отбасылар мен көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар өздеріне қажет киім мен аяқ киімдерді өлшеп таңдап әкетіп жатты. Жалпы Төкеш мешітінен 200 астам отбасы киім-кешекпен қамтылды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.