Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкілдігі «Әйел-қыздар секторы»-ның ұйымдастыруымен Жеңіс күніне орай Семей қаласының «Қос мұнаралы» орталық мешітінде Ұлы отан соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Гүл шоқтары ұсынылып, естелік сыйлықтар табысталды.
Іс-шара мақсаты Ұлы отан соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіп, алғыс білдіру. Жас шәкірттерді адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.Жастарды Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерімен таныстырып, ой – өрісін дамыту.
Сондай ардагерлердің бірі Семей қаласының тұрғыны 95 жастағы Оразбайұлы Атамбай ақсақалды және Галиқызы Макен әжені сауат-ашу курсының шәкірттері Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Баешов Бекзат Боранбайұлымен бірге үйіне барып құттықтады. Ардагер ақсақал «100 ші атқыш батальонда» батыр қызымыз Мәншүк Мәметовамен бірге шайқасқанын айтып, сұрапыл соғыста бастан кешкендерін әңгімеледі. Ұрпақтарына батасын беріп, алғысын білдірді.
Келесі кезекте 88 жастағы Ардагер Хусайнқызы Нағима әжеміздің үйінде болып қайтты. Жеңіс күнімен құттықтап жылы лебіздерін білдірді. Ардагер Әже ақ батасын беріп, елеп ескеріп келгендері үшін алғысын білдірді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.