Отан қорғау жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру, бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан қайырлы» – деп елді қорғаудың қаншалықты маңызды екендігін баяндаған. Осы орайда: «Отанды сүю – біздің перезенттік парызымыз, қарыс қадам үшін жанын қиған бабаларымызды еске алып, кейінгі ұрпаққа асыл аманатын жеткізу үшін ҚМДБ тарапынан келген тапсырмасына сай Аягөз қалалық мешітінде жұма күні жамағатқа отанды қорғау жайлы насихат айтылып, ата – бабалар рухына құран бағышталып бата берілді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі