Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Хожамуратов Элбек қаламыздағы КАЗГЮ оқу орнының студент жастармен кездесу өткізді. Бүгінгі күні жастардың дінге деген кызығушылықтарын ескере отырып, наиб имам Білімнің артықшылығы жайында уағыз насихат айтты. Қоғамдағы келеңсіз теріс пікірде жазылған интернет сайттарынан, кітапшалардан, т.б. сенімсіз дереккөздерден оқып-үйрену – олардың діни ілімдеріне, психикалық ой-өрісіне, сана-сезіміне әсер етіп, ұлттық рухани бағытта өсіп-өркендеуіне кедергі келтіретінін баса айтты.
Рухани сауаты жоғары, білімді жастарымызды көбейту үшін ұлттық рухымыздың мәйегі Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп сынды ғұламалардың жазған еңбектерін кеңінен пайдалануымыз керек. Осылайша, жас ұрпаққа үлгі-өнеге, тура жол көрсетіп, ел тізгінін қолына алар жастарымыздың көздері ашық, көкірегі ояу болуын қамтамасыз ете аламыз. Қасиетті Рамазан айының құндылықтары жөнінде де ақпарат берді.Асыл дініміздің құндылықтары мен қазақы салт-дәстүрлеріміз кеңінен сөз болған кездесуге жиналған студент жастар көп мағлұмат алды деп есептейміз. Себебі, кездесу барысында студентер өздерін толғандырған сұрақтарын имамға жолдап, тұшымды жауап алды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.