Жылдағы дәстүр бойынша балалар күніне орай Семей қалалық Даланбай ата мешітінде шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Бұл шара осымен үшінші жыл ұйымдастырылып отыр. Турнирге найб имам Иманқалиев Арман Мельсұлы қатысты. Ойын барысында имам балаларды мейрамдарымен құтықтап, жастар ел болашағы екенін, бүгінгі бала ертенгі ер азаматтар, олар елін сүйетін нағыз патриот болу керек екенін айтты.
Бұл шараға қалалық мектептерден №2 және №26 , №18 мектептердің балалары қатысып өзара жүлделі орындарды бөлісті. Бірінші орында №26 мектеп балалары, ал екінші орынды №18 мектеп оқушылары. Үшінші орынды №2 мектептің оқушылары жеңіп алды.Жүлде қорында ең үздік қақпашы, шабуылшы және қорғаушы номинацияларыда болды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.