Бесқарағай аудандық орталық мешітінде қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған мешіт жамағаты мен көп балалы жанұяларға, ауыл тұрғындарына, мешіт тарапынан ауызашар дастарқаны жайылды. Ауызашарға жиылған жамағат тілектерін айтып, аудан имамы Серікжан Аманұлының айлардың сұлтаны Рамазан айының қасиеті, бұл айдағы жақсылық пен қайырымдылық істерінің еселенетіндігі жайында айтқан уағыз-насихатын тыңдап, еліміз және дініміз үшін дұға жасап алғыстарын айтып тарқасты.
Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.