«ЗЕКЕТ» ҚОРЫНЫҢ І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров қордың 2018 жылдың І жарты жылдық есебін жариялады.

2018 жылдың 1 қаңтарында Республика бойынша ҚМДБ «Зекет» қорының есеп шотындағы қалдық қаражат 20 117 125 теңгені құрады.

2018 жылдың қаңтар мен мамыр айларының аралығында Республика бойынша «Зекет» қорының барлық түсімі 36 787 035 теңгеге жетті. «Всем миром на квартиру» акциясына түскен қаражат – 5 000 000 теңге.

І жарты жылдықта қайырымдылық бағытта жұмсалған қаражат – 35 952 241 теңге. «Зекет» қорының есеп шотынан «Всем миром на квартиру» акциясы бойынша құны 10 200 000 теңгеге екі пәтер алынды. 1 011 000 теңгеге Аягөздегі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек көрсетілді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Зекет қоры» Республика деңгейінде қызмет атқарып, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және қоғамға пайдалы өзге де мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым.

Қордың негізгі мақсаты – Қасиетті Құран Кәрім мен сүнетті басшылыққа ала отырып, шариғат үкімдеріне сәйкес зекеттің жинақталуы мен таратылуын жүзеге асыру.

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚМДБ «Зекет қоры» өз жарғысына сәйкес қызмет етуде.