ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен «әжелер мектебінің қатысуымен Тыныбай қалалық мешітте «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын».
тақырыбында іс шара өтіп, сауат ашу курсының шәкірті Әйгерімді ұзатты. Қазақ халқы қашан да келінді құрмет тұтқан. Себебі келін – отбасының шырағы, ұрпақты жалғастырушы. Іс шарада некенің жауапкершілігі, ерлі зайыптылардың міндеттері, ата -енені сыйлау сияқты отбасылық тақырыптар насихатталды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.