ИСЛАМ ЖӘНЕ ӘЙЕЛ фото

  Қазақстан мұсылмандары діни Басқармасының төрағасы, Бас Мүфти, Серікбай қажы Ораз Сатыбалдыұлының ағымдағы жылды “Ислам және отбасы” жылына арнаған болатын. Осыған орай, барлық мешіттерде келешек ұрпаққа үлгі боларлық насихат ретінде өткізіліп жатқан рухани шаралар жетерлік. Сондай шаралардың бірі ҚМДБ ның Семей өңірі бойынша  «Әйел – қыздар секторының» ұйымдастыруымен«Ақ мешіт» қалалық мешітте «Ислам және отбасы жылы» аясында «Ислам және әйел» тақырыбында рухани жиын өтті.  Бүгінгі бойжеткен болашақ ана, ибалы келін, отбасының ұйытқысы екені баршамызға мәлім. « әйел адам бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді». Шараның мақсаты – қыз бала тәрбиесіне көңіл бөлу, жанұядағы орны, отбасының қоғамдағы рөлі, білім алу, және қазіргі таңдағы діндар әйел келбетін айқындау, отбасына және қоғамға  тигізер пайдасы турасында болды.  Шарада имам мен ұстаздар  білімдерімен бөлісіп, асыл әжелер де өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп,жастарға  ақыл-кеңестерін айтты. Ақ дастарқан жайылып, еліміздің береке- бірілігі үшін дұға жасалды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.