Бесқарағай ауылындағы Достық үйінде аудандық мешіт және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырып ұйытқы болуымен « Ұлтаралық және конфессияаралық келісім Қазақстандағы тұрақтылық негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Мұхаммедрақымұлы, аудан имамы Серікжан Аманұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудандық ардагерлер алқасының мүшелері, ауданға қарасты округ әкімдері және ауыл молдалары қатысты. Жиында аудан имамы Серікжан Аманұлы діни тұрақтылық, береке-бірлік жайында баяндама жасады. Кездесу соңында қатысушылар көкейлерінде жүрген ойларымен бөлісіп, ел тыныштығы үшін бірігіп жұмыс жасайық деген тұжырыммен тарқасты.
Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.