ҚМДБның Семей өңірі бойынша “Әйел-қыздар секторы”-ның ұйымдастыруымен Жоламан кентіндегі “Ақ мешіт” пен “Қос мұнаралы орталық” мешітінде сауат ашу курстарында білім алып, қала мешіттерінің қоғамдық және қайырымдылық жұмыстарына белсене қатысып жүрген шәкірт әжелерге «Қариясы бардың қазынасы бар» атты шара өткізілді. Кеш мақсаты жас буынның улкендердің көңілін аулап, жүрек жарды ақ тілектерін айтып, сый құрмет көрсету. Орталық мешіт наиб имамы Ерлан Досымұлы жылы тілектерін айтып, әжелерді құттықтады. Мешіт ұстаздары мен жас шәкірттер әжелерге арнап дастархан жайып, сыйлықтар табыс етті. Әжелер өз кезегінде жастарға ризашылықтарын білдіріп ақ баталарын берді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.